Elorda.info

Елімізге келіп жатқан иммигранттар саны 1,5 есеге көбейген

Елімізден 20,3 мың адам кеткен

Елімізге келіп жатқан иммигранттар саны 1,5 есеге көбейген

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанға 11 мың адам келген, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек Elorda.info Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Ал елімізден 20,3 мың адам кеткен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,7%-ға аз.

Алайда көші-қон саласындағы көрсеткіш әлі де теріс болып қалып отыр, яғни келушілерден кетушілер саны 9,3 мың адамға көп.

Өңірлік бөлініс бойынша елге келгендердің басым бөлігі: 2,4 мың адам Маңғыстау облысын тұрақтаған (өткен жылғыдан 53,9% көп ). Сондай-ақ Алматы қаласы (2,1 мың адам, бір жылда 67,1% көп) және Алматы облысы (1,4 мың адам, бір жылда 8,4 есе өсім) да алдыңғы үштікте тұр. Елімізге келушілер ең аз қоныстанған аймақ Қызылорда облысы болып отыр. Мұнда жыл басынан бері небәрі 12 адам келген, бұл бір жыл бұрынғы 7 адамға көп, - дейді сарапшылар.

Елден кетушілер арасында Қарағанды ​​облысынан көп – 2,5 мың адам кеткен. Бұл бір жыл бұрынғыдан 31,5%-ға аз. Одан кейінгі орында Қостанай (2,4 мың адам, 6%-ға аз) және Павлодар (2,3 мың адам, 14,8%-ға аз) облыстары тұр. Қызылорда облысынан адам аз (42 адам, 28,8%-ға аз) кеткен.

Осы жылы Қазақстан Республикасына 15 жастан асқан келушілердің ішінде 989 адам техникалық, 516-ы экономикалық, 351-і педагогикалық, 219-ы медициналық, 130-ы заңгерлік, 106-сы сәулет-құрылыс, ал 70-і ауыл шаруашылығы мамандығын меңгерген.

Ал елімізден кеткендер арасында 15 жастан асқан 3,5 мың адамның техникалық, 1,6 мыңының экономикалық, 1 мыңының педагогикалық, 542-інің медициналық, 378-і-нің заңгерлік, 218-і-нің сәулет өнері, 159 – ауыл шаруашылығы мамандығы болған.

Биыл Қазақстанға келгендердің басым бөлігі 4,8 мың адам Өзбекстаннан келген. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 88,8%-ға артық. Екінші және үшінші қатарды Ресей мен Түркіменстаннан келгендер толықтырып отыр. Сондай-ақ Қырғызстан мен Қытайдан да келушілер саны көбейген», - делінген зерттеуде.

Сонымен қатар Қазақстаннан Ресейге кеткендер саны көбірек тіркелген. Ресейге 16,6 мың адам кетіп қалған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 21,4%-ға аз.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет