Elorda.info

Елімізде жыл басынан бері 950 мың тоннаға жуық ет өндірілді

Ет экспорты биылғы қыркүйекке қарай 1 млн долларға 29,7 мың тонна көлеміне жетті

Елімізде жыл басынан бері 950 мың тоннаға жуық ет өндірілді

Биыл қазақстандық фермерлер 948,5 мың тонна ет өндірді, бұның көлемі бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда орта есеппен 0,5%-ға өсті, деп хабарлады Elorda.info.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ең үлкен өсімді 4,8%-бен жылқы етінің өндірісі көрсеткен, бұл – 114,1 мың тонна. Сондай-ақ құс еті 2,9%-ға өсіп, 239,6 мың тоннаны құрады. Жыл басынан бері 400,1 мың тонна сиыр еті, 113,7 мың тонна қой еті, шамамен 61.2 мың тонна шошқа еті өндірілді.

Ет экспорты биылғы қыркүйекке қарай 1 млн долларға, яғни 29,7 мың тонна көлеміне жетті. Экспорттың басым бөлігі сиыр етіне тиесілі - 13,5 мың тонна, сондай-ақ шетелге 6,7 мың тонна қой еті мен 9,5 мың тонна құс еті сатылды, - деп жазды ведомстводан.

Импортқа қатысты осындай кезеңде алыс және жақын шетелдерден барлық түрдегі 110 мың тонна ет импортталды. Импорттың басым бөлігі құс етіне тиесілі, елге шамамен 97,5 мың тонна әкелінді.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет