Elorda.info

«Адамның ішіндегі жындарды ұстаймыз»: Имамның сұхбаты қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Бәрімен сөйлесіп, олар қандай екенін өздері сипаттап береді

«Адамның ішіндегі жындарды ұстаймыз»: Имамның сұхбаты қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Имам, ұстаз Фархат Мусаев «Шапағат» арнасына көз тию, сиқыр, жындар және олардың адамға тигізетін зияны жайлы сұхбат берді, деп хабарлады Elorda.info.

Kaz.caravan.kz сайтының жазуынша, адамдарға, жалпақ тілмен айтқанда, жын кіру, сиқыр, дуа дейтін зияндарды көріп, осы саламен айналысуға мәжбүр болған Фархад ұстаз бұл сұхбатта барынша түсінікті, ашық айтуға тырысты.

Біздің методика, қазақша айтқанда, жын ұстау. Жын ұстау тәсілі, біз сондай аяттарды оқимыз, адамның ішінде жын болса, біз диагностика жасаймыз. Менімен бірге жұмыс істейтін тағы бір адам бар, біз аят оқыған кезде Алла Тағала перде ашады яғни жындар адамның қай жерінде отыр, қай организмінде отыр, не бүлдіріп жатыр, бәрін көрсетеді. Және олар әйелдерде көбіне жатырында болады. Өздерінің сиқырлы, көзге көрінбейтін жіптері болады, сол жіпті тартып байлап, қан жүруін тоқтатып тастайды. Осылай организмге зиянын келтіріп, денсаулықты құрта береді. Көзге көрінбейтін, медицина біле бермейтін нәрселер бар. Жын адамның ішінде қанша көп отырса, сонша нұқсан келтіреді. Бірінші, олар адам органдарына жайғасады, содан соң ақырын-ақырын денсаулыққа зиян береді.

Жындар категорияға бөлінеді. Осы әлемнің жындары күш жағынан әлсіз келеді. Ал енді қарама-қарсы өмір бар және олардың түрлері өте көп. Алла Тағаланың құдіретінің шексіздігіне осы жұмысты жасап жүріп тағы көзім жетті. Сондай үлкен перде ашып берді бізге, Әльхамдулиллах! Енді бір жындардың бойы 6-7 метрге дейін болады. Кейбіреулерін Аллах үш хайуаннан жаратқан. Мысалы, басы жылан, ортасы шаян, аяғы басқа деген сияқты. Бәрімен сөйлесіп, олар қандай екенін өздері сипаттап береді. Ислам дінін қабылдатып, оларды жоямыз, - деді ұстаз.

Желі оқырмандары имамға сәттілік тілеп, жылы пікір білдіріп жатыр. 

 «Фархад аға, жолыңыз ашық болсын», «Сізге Алла күш қуат берсін», «Ма Ша Алла! Хақ нәрсе ғой, Алла разы болсын», «Өте пайдалы сұхбат болды», «Аллахым, өзің жар бол», - деді олар.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет