×
26.11.2022, 12:22
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент: Бәріміз жастарды қолдауымыз керек

Жастар жетістікке жету үшін көп еңбектенуі керек

Президент: Бәріміз жастарды қолдауымыз керек
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Астанада өткен ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мен біздің жастарымыздың ұшқыр және озық ойлы екенін мақтан етемін. Сол себепті, Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзін үнемі айтамын. Шын мәнінде, бәріміз жастарымызды қолдауымыз керек. Өйткені, өскелең ұрпақ қана елімізді жарқын болашаққа бастайды. Бірақ, жастар жетістікке жету үшін көп еңбектенуі керек.

Жаңа білім алуға, тың тәжірибе жинауға ұмтылған жөн. Сонда жастарымыз өз кәсібінің хас шебері атанады. Әрдайым сұранысқа ие болады, қоғамда сыйлы болады. Міне, осылай өмір сүрген адам ешқашан, ештеңеден ұтылмайды, - деді Мемлекет басшысы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері