×
25.11.2022, 20:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда 88 соғыс ардагері баспана кезегінде тұр

148 мыңнан астам толық емес отбасы баспанаға мұқтаж

Қазақстанда 88 соғыс ардагері баспана кезегінде тұр
Фото: ашық дереккөз

Сенат депутаты Серік Шайдаров елімізде Екінші дүниежүзілік соғыстың 88 ардагері әлі баспана кезегінде тұрғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Депутат 2015 жылы барлық ардагер баспаналы болды деген ақпарат берілгенін алға тартып, мұны парадокс деп атады.

Ардагерлердің көпшілігі ғасырлық мерейтойына жақындап қалды. Жедел шара қолданбаса,  олардың көпшілігіне баспана алу орындалмас арман болып қала бермек, - деді Серік Шайдаров.

Оның айтуынша, елімізде 148 мыңнан астам толық емес отбасы баспанаға мұқтаж, оның 60 пайызының табысы 1 күнкөріс минимумына да жетпейді.

Ондай отбасылардың көпшілігі үшін тұрғын үй алуға берілетін жылдық 5% несиенің өзі үлкен ауыртпалыққа айналып отыр. Сондықтан уәкілетті мемлекеттік органдар бұл мәселені жан-жақты зерттеп, шын мәнінде тұрғын үйге мұқтаж әрі толық емес отбасыларға арналған жылдық 2%-бен несиелік баспана алу механизмін анықтауы керек деп ойлаймын. Халықтың осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер енгізу қажет, - деді депутат.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері