×
24.11.2022, 18:53
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада екі жыл бұрын жоғалған жігіт әлі табылмай жатыр

Психикалық аурумен ауырады

Елордада екі жыл бұрын жоғалған жігіт әлі табылмай жатыр
Фото: дереккөз

Елордада екі жыл бұрын жоғалған жігіт әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Polisia.kz сайтының жазуынша, осы жылдың басынан бастап полицияның «102» арнасына азаматтардың жоғалып кеткені туралы 4558 өтініш келіп түскен. Жоғалған адамдардың көпшілігі бір күн ішінде табылған. Қалғандарының орналасқан жері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталды. Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды. Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтаудың жеделдігі азаматтардың уақытылы өтініш білдіруіне байланысты.  

Тергеу-жедел тобы адам туралы жалпы мәліметтерді анықтайды: жасы, бойы, салмағы, дене бітімі, шаш пен көздің түсі, киген киімі, ұялы телефон нөмірлері, достары мен әріптестерінің шеңбері және ауруханалар, мәйітханалар және басқа да арнайы мекемелер тексеріледі. Сондай-ақ жоғалған адам оқиғалардың жедел ақпары бойынша тексеріледі. Балаларды іздеген кезде ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп, сыныптастарының, курстастарының, достарының шеңбері қарастырылады. Сауда үйлері, компьютерлік клубтар, ойын алаңдары, кіреберістер, саябақтар скверлер тексеріледі. Еріктілер ұйымдары қосылады.

Тәртіп сақшылары мен еріктілер арасында тығыз өзара байланыс орнатылған. Еріктілер жоғалған адамдарды іздеу шараларын жүргізу кезінде полицейлерге көмек көрсетеді. Көбіне азаматтардан өтініштер жылы кезең басталғанда келіп түседі. Оқу жылының басталуымен де жоғалту жағдайлары кездеседі. Мысалы, балалар қателесіп басқа автобусқа отырып, күні бойы адасып жүреді.

Бұл туралы ата-аналар кешке ғана біліп, полицияға жүгінеді. Бақытына орай, мұндай жағдайларда барлық балалар аман-сау табылады. Егде жастағы адамдар да өздерінің мекенжайларын ұмытып, үйлерін таба алмай қалады.

Сонымен қатар, адамдардың жоғалуының тағы бір себептері склероз, психикалық аурулар болуы мүмкін. Мәселен, қазіргі уақытта Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасы жоғалған 26 жастағы Назар Арминді іздеуде. Ол 2020 жылдың 6 қазанында сағат 16:30 шамасында үйден кетіп қалған және осы уақытқа дейін оның қай жерде екені белгісіз.

Психикалық аурумен ауырады. Басқа атпен танысуы мүмкін. Белгілері: бойы 180-185 см, арық дене бітімі, шашы қысқа, қара түсті. Киімі: сары түсті жейде, сұр түсті джинсы, аяқ киімсіз. Қандай да бір ақпарат алған жағдайда Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасына 71-61-49, 71-63-29, 8-702-943-17-72, 8-705-102-79-79 байланыс телефондары арқылы немесе “102” арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз, – деді полицейлер.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері