×
24.11.2022, 21:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Әкімшілік айыппұлдың 50 пайызын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарлануда

Құжат қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған

Әкімшілік айыппұлдың 50 пайызын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарлануда
Фото: Ашық дереккөз

Қаржы министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған өндіріс түріндегі әкімшілік айыппұлды төлеу туралы түбіртек нысанына өзгерістер дайындады, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қосымшада Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 811-бабының 2-бөлігіне сәйкес көрсетілген соманың 50 пайызы мөлшерінде айыппұлды жеті күн ішінде төлеген жағдайда, іс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралатыны көрсетілген. Мәні бойынша қаулы заңды күшіне енген деп танылып, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, 47-тарауда көзделген істерді қоспағанда, қысқартылған іс жүргізу туралы тараудың ережелері бойынша қаралған істер қайта қарауға жатпайды деп көрсетілген.

Сонымен қатар, 7 тәулік ішінде 50 пайыздық айыппұлды төлеу құқығын пайдаланбаған немесе тиісінше пайдаланбаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріс жалпы тәртіппен жүргізілетіні қарастырылған.

Әңгіме автоматты режимде жұмыс істейтін аттестатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен құрылғыларымен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы болып отыр.

Құжат 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері