×
04.11.2022, 14:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Былтыр елімізде кітап оқу көрсеткіші артқан

Биыл оқырмандар саны 2,6 миллион болған

Былтыр елімізде кітап оқу көрсеткіші артқан
Фото: ашық дереккөзден

Былтыр елде кітап оқу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың кітапханаға деген қызығушылығы әлі де жоғары, яғни жойылып кету қаупі жоқ. Соңғы 26 жылда еліміздегі кітапханалар саны екі есеге, 7352-ден 3920-ға дейін қысқарды. Бірақ, соған қарамастан, адамдар кітапханаға жиі барады.

1999 жыл Қазақстан кітапханалары үшін ауыр жыл болды. Ал биыл оқырмандар саны небәрі 2,6 миллион болған. Бірақ кітапханаға келушілер саны біртіндеп артып келеді. Мәселен, 2021 жылы оқырмандар саны 6 миллионнан асқан. Оның 34,6% -ы, яғни 2,1 миллионы – кітапхананың онлайн-ресурсын пайдаланушылар.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, былтыр кітапханалардың 56,7 проценті ғана интернет желісіне қосылған. Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан (28,5%), Атырау (30,6%) және Алматы (32%) облыстарында тіркелді.

Үздік көрсеткіштер – Алматыда, бүкіләлемдік кітапханалар желісіне 100% қамтамасыз етілген жалғыз қала.

Республика бойынша небәрі 11,5 мың компьютер орнатылған, яғни бір кітапханаға үш компьютерден аз. Олардың тек үштен бірі – 34,1 проценті ғана келушілерге арналған.

Театрлар мен мұражайлар заманауи қалалардың белгісі болып саналады. Оларға деген қызығушылық, кем дегенде, COVID-19 пандемиясына дейін айтарлықтай өсті.

Осылайша, ковидке дейінгі онжылдықта елімізде театр көрермендерінің саны тұрақты түрде 2 миллионнан жоғары болып, 2019 жылы рекордтық 2,9 миллион көрерменге жетті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері