×
30.09.2022, 17:41
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қанша ресейлік Қазақстанға жұмыс іздеп келген

Ресейден келгендерге жекелей жағдай жасалмайды

Қанша ресейлік Қазақстанға жұмыс іздеп келген
Фото: ашық дереккөзден

Ресейден келгендердің арасында 7 мың адам Қазақстанда жұмыс істеуге өтініш берген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Ресейден келгендерге жекелей жағдай жасалмайды. Ол белгілі жағдай. Қазіргі кезде Ресейден келіп, Қазақстанда жүрген 353 мың адам бар. Оның 7 мыңы ғана Қазақстанда жұмыс істеуге келген. Сондықтан ресейліктердің келуі еңбек нарығына әсер етпейді. Атап айтқанда, ресейліктердің жұмысқа тұруына жағдай жасалмайды, - деді Р. Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері