×
30.09.2022, 14:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың ескерткішін ашты (ФОТО)

Рәсімнен кейін Президент зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті

Президент Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың ескерткішін ашты (ФОТО)
Фото: дереккөз

Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлады Elorda.info Президент баспасөз қызметінің БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Ұстаз бен шәкірт» ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев.

Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.

Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті, – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері