×
29.09.2022, 22:57
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қарағандыда дәрігерді ұрып-соққан науқас қылмыстық жазадан құтылып кетті (ВИДЕО)

Сот оған 2 тәулікке қамау түрінде жаза қолданған

Қарағандыда дәрігерді ұрып-соққан науқас қылмыстық жазадан құтылып кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда Мақажанов атындағы облыстық медициналық орталықтың травматолог дәрігеріне шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ол қылмыстық жауапкершілік орнына әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлады Elorda.info

Tengrinews.kz жазғандай, науқасқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда тергеу органдары қылмыс құрамын анықтамаған.

Нәтижесінде қылмыстық іс тоқтатылды.

Науқасқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін әкімшілік іс қозғалған. Оған дәрігердің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірді деп айып тағылған. Материал Қарағандының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот қаулысы бойынша, науқас кінәлі деп танылып, сот оған 2 тәулікке қамау түрінде жаза қолданған.

Сотта құқықбұзушы дене жарақатын салу дерегін мойындады, жасаған ісіне өкінді. Істі қарау барысында оның кінәсі істің жазбаша материалдары, оның ішінде бейнебақылау камерасындағы жазбамен дәлелденді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, - деді Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды ​​қаласындағы ауруханада науқастың травматологқа шабуыл жасағаны хабарланған болатын.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері