×
28.09.2022, 11:34
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада мейрамхана іс-шараны қазақ тілінде өткізуге қарсы болған

Мекеме қызметкерлері бойжеткенге осындай шарт қойыпты

Астанада мейрамхана іс-шараны қазақ тілінде өткізуге қарсы болған
Фото: sxodim.com

Астана тұрғыны Дана Камазбек Chechil Pub мекемесі іс-шараны қазақ тілінде өткізуге рұқсат бермегенін жазды, деп хабарлады Elorda.info Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы бойжеткен желідегі парақшасында жазған.

Оның айтуынша, зияткерлік викторина өткізбек болып, оны өткізу үшін тиісті орын іздеген. Осы ойын іске асырмақ болып, Chechil Pub мекемесіне жүгінгенде, ол іс шараны тек орыс тілінде ғана өткізуге болатынын естіп, наразы болғанын жазады.

Мекеме қызметкерлері бойжеткенге осындай шарт қойыпты.

Осындай саяси ерекше кезеңде, Қазақстан елінде куиз қазақша болса өткізбейміз деп айту қаншалықты дұрыс?! Меніңше, бұл – нағыз құрметсіздік! – деп жазды ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері