×
26.09.2022, 17:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қазақстанда 262 мың Ресей азаматы уақытша тұрып жатыр – Тамара Дүйсенова

Биыл біз 28 мың шетелдік жұмысшыға квота берілді

Қазақстанда 262 мың Ресей азаматы уақытша тұрып жатыр – Тамара Дүйсенова
Фото: inbusiness.kz

Бүгінде Қазақстанның еңбек нарығында жұмыс істеуді көздейтін ресейлік азаматтар саны 31 мыңнан асады. Бұл туралы Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова  айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ресей елінен елімізге ағылып келіп жатқан азаматтардың басым бөлігі мобилизациядан қашқандар. Десе де арасында Қазақстанда уақытша тұрып, еңбек нарығынан бос жұмыс орнын іздеп жүргендер де бар.

Жыл басынан бері 262 мың Ресей азаматы Қазақстанда уақытша тұрып жатыр. Оның ішінде 6 518-і келу мақсаттарында жұмысқа орналасуды көрсеткен. Бізде қазір 8,7 млн азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде қанша шетелдікке жұмыс орны берілгеніне тоқталар болсам, биыл біз 28 мың шетелдік жұмысшыға квота бердік. Бірақ оның тек 15 мыңына ғана жұмыс істеуге рұқсат берілді. ЕЭО-ның құрамына кіретін мемлекеттер үшін квота қарастырылмаған. Бұл ретте Қазақстан азаматтары да одақтың құрамындағы елдерге барып немесе олар бізге келіп рұқсат алмай-ақ, жұмыс істей берулеріне болады, - деді министр.

Бұл ретте министр Тамара Дүйсенова еліміздің еңбек нарығында нақты қанша ресейлік азамат жұмыс істейтінін де айтып өтті.

Пандемияға дейін Қазақстанға 24 816, 2019 жылы 30 мың, 2020 жылы 33 мың, былтыр 32 мың ресейлік азамат келді. Біздің еңбек нарығында 25 301 ресейлік азамат бар. Оған қазіргі 6 518 азаматты қоссақ, шамамен 32 мың ресейлік біздің нарықта еңбек етуді көздейді. Елімізге шетелден жұмыс істеу мақсатында келген азаматтарға мониторинг пен бақылау тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Сондықтан да бұл жағдай біздің ұлттық еңбек нарығымызға кері әсер ететініне алаңдаушылық танытудың қажеті жоқ, - деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері