×
26.09.2022, 15:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды

Ол аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша тергеліп жатыр

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды
Фото: ашық дереккөз

Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау мерзімі ұзартылды, деп хабарлады Elorda.info Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты, - делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, тергеу абақтысына қамалғанын хабарлады.

Қайрат Боранбаев – Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Айсұлтан 2020 жылы тамызда Лондонда қайтыс болды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері