×
26.09.2022, 12:07
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан әуежайлары арқылы 6 мыңға жуық ресейлік басқа елдерге ұшты – ІІМ

Бұл туралы ІІМ өткен брифингте айтылды

Қазақстан әуежайлары арқылы 6 мыңға жуық ресейлік басқа елдерге ұшты – ІІМ
Фото: Ашық дереккөз

22 қыркүйектен бастап Ресейден Қазақстанға келушілер саны 2 есеге артқан. Сондықтан Ресей Федерациясының шекарасы жағынан жиналымдар болып жатыр. Бұл туралы ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Күн сайын 15-17 мың қазақстандық Ресей Федерациясына барады, онда туыстары, балалары оқиды, ата-аналары тұрады, құдалар, бизнес және басқа да істері бар, яғни шекаралардағы кептелістер қайтқан кезде, өкінішке қарай, оларға да әсер етті, - деді А.Аталықов.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері Қазақстанға қанша ресейлік келді

Сондай-ақ мыңдаған адам Қазақстан арқылы Қырғызстан мен Өзбекстанға аттанды. Ал соңғы 5 күн ішінде 6 мыңға жуық ресейлік еліміздегі әуежайлар арқылы басқа елдерге ұшып кетті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері