×
25.09.2022, 10:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қорғаныс министрі еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі нысандардың жай-күйін тексеріп жатыр

Министр қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде бірқатар нұсқау берді

Қорғаныс министрі еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі нысандардың жай-күйін тексеріп жатыр
Фото: дереккөз

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қызылорда облысындағы әскери нысандарда болып, Түркістан қаласына сапар шекті, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылордада қорғаныс ведомствосының басшысына әскери бөлімнің атқаратын міндеттері мен жауынгерлік мүмкіндіктері, оқу-жаттығу жауынгерлік қызметінің барысы туралы баяндалды. Министр әскери инфрақұрылым нысандарының жағдайына ерекше назар аударып, штабтың жұмысымен, әскери қызметшілердің тамақтану жағдайымен танысты. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов сондай-ақ жауынгерлік машиналар паркіндегі әскери техниканың жай-күйі мен оларды ұстау тәртібін, қаруды сақтау жағдайын тексерді.

Сонымен қатар қорғаныс ведомствосының басшысы оқу-жаттығу алаңдарын аралап, олардың практикалық сабақтарға дайындығын да тексерді.

Сапар соңында министр жеке құрамның жауынгерлік оқу сапасын арттыру, жауынгерлік даярлықтың оқу-материалдық базасын жетілдіру, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде бірқатар нұсқау берді.

Түркістанда Қорғаныс министрі Халықаралық әуежай ғимараты мен «Түркістан» әскери секторын салуға жоспарланған аумақты аралап көріп, алдағы жұмыстарға қатысты мәселелерді талқылады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері