×
22.09.2022, 23:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордада халықаралық жоғары білім көрмесі өтті

Талапкерлерге жадынамалар мен ЖОО атынан естелік сыйлықтар табыс етілді

Елордада халықаралық жоғары білім көрмесі өтті
Фото: aigak.kz

Елордада жоғары білімге арналған «International Education Fair-2022» атты халықаралық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қазақстандық талапкерлерге білім бағдарламаларын ұсынатын еліміздің үздік ЖОО-лары мен ЖОО-ға жолдама алатын оқушылар жиналды, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Талапкерлерге арналған көрмеде әлемнің 30 елінен 60-қа жуық жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын ұсынды.

Көрме ұйымдастырушыларына ерекше алғысымызды айтамыз. Бұл - мектеп оқушылары, колледж түлектері үшін үлкен мүмкіндік. Көрме 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл көрмеге 10 мыңға жуық түлек қатысып жатыр, - деді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Іс-шара барысында ЖОО өкілдері өздерінің білім бағдарламалары және қазақстандық түлектерге арналған артықшылықтар, жеңілдіктер туралы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ талапкерлерге жадынамалар мен ЖОО атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Халықаралық көрме пандемияға дейін жыл сайын офлайн форматта өтіп келді. Карантин кезінде онлайн өтті. Араға екі жыл салып қайта қауышып отырмыз. Шетелдік жоғары оқу орындарына түскісі келетін оқушылар саны көп. Осы көрме елордадан бөлек Шымкент пен Алматыда ұйымдастырылады. Жыл сайын біздің орталық арқылы 5 мыңнан астам талапкер шетелде оқуға түседі. Көп таңдалатын ел Түркия және Италия. Бүгінгі көрмеге түрлі елдер жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып отыр. Қатысып жатқан оқу орындарының дені техникалық мамандықтарды оқытады. Бұған дейін Мемлекет басшысы елімізге техникалық мамандарды даярлау қажеттігі туралы айтқан болатын. Одан бөлек, гуманитарлық және медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері бар, - дейді «UNIVERO» білім беру орталығының басшысы Айзада Қойгелдинова.

Айта кетейік, «International Education Fair-2022» халықаралық көрмесіне өз елімізден бөлек, АҚШ, Қытай, Малайзия, Италия, Чехия, Польша, Латвия, Испания, Бельгия, Беларусь, Ресейдің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері