×
22.09.2022, 17:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Өңдеу өнеркәсібі: жаңа бағдарлама іске қосылды

Бағдарлама бойынша қарастырылған жалпы қаражат көлемі – 50 млрд теңге

Өңдеу өнеркәсібі: жаңа бағдарлама іске қосылды
фото: ашық дереккөзден

Бүгіннен бастап өңдеу өнеркәсібімен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларына қаржыны лизингке беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бағдарлама Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ШОБ субъектілерін қолжетімді қаржыландыруға бағытталған. Бағдарлама бойынша қарастырылған жалпы қаражат көлемі – 50 млрд теңге. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы отандық кәсіпорындарға лизинг және несие беру құралдары арқылы қаржыландыру ұсынылады. Бұл ретте кредит сомасы лизинг сомасынан аспауға тиіс. Жобаларды қарау кезінде негізгі басымдық елдің экспорттық әлеуетін өсіруге мүмкіндік беретін кәсіпорындарға беріледі, - делінген қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бағдарламаның негізгі талаптары:

- Қаржыландыру мерзімі - 10 жылға дейін;

- Сыйақы мөлшерлемесі - жылына 3 пайыз;

- Қаржыландыру сомасы - 80 млн теңгеден бастап 3 млрд теңгеге дейін;

- Бағдарламаға қатысатын кәсіпкер жоба құнының кемінде 15 пайызын өз қаражаты есебінен жүргізеді.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері