×
26.08.2022, 22:56
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасы эфирге қайта шығатынын айтты

Qazaqstan ұлттық телеарнасынан көрсетіліп келген «Түнгі студия» бағдарламасы көрерменге қайта жол тартатын болыпты. Бұл туралы жобаның алғашқы жүргізушісі, продюсер Нұрлан Қоянбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.  

Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасы эфирге қайта шығатынын айтты
Фото: ашық дереккөз

Достар, «Түнгі студия» жобасы араға жылдар салып қайта оралмақ! @tungi_studia жазыламыз.

Көрерменнің көзайымына айналған әлем әртістері мен ел мақтаныштарын төріне шығарған халықтық бағдарламаны қайта іске қосу үшін үлкен жауапкершілік пен батылдық қажет болды. Сіздердің белсенді қолдауларыңыз аса маңызды.

Алғашқы эфирге кімді шақырамыз? Құрметті қонақ ретінде кімдерді көргіңіз келеді? Расын айтсам, Сіздермен бірлесе талқылауды жөн көрдім, - деп жазды Қоянбаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері