×
16.08.2022, 21:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елде көмір қоры жеткілікті ме

Көмірдің бағасы 6 мың теңгеден бастап 14 мыңға дейін барады, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Елде көмір қоры жеткілікті ме
Фото: Ашық дереккөз

Өткен жылы күн ерте салқындағаннан кейін, көмірге деген сұраныс артты. Көмір дәл сол уақытта болмай, бірінші тапшылық, екінші бағаның өсуіне алып келді. Сол себепті біз бірінші кезекте көмірдің физикалық түрде болуын қамтамасыз етіп жатырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда бүгінгі таңда 6-7 пайызбен оны артығымен жеткіздік. Алдағы уақытта оны көбейтеміз. Енді бағасына келетін болсақ, көмірдің 10 пайызын биржаға шығардық... Баға әртүрлі. Шамамен 6 мың теңгеден бастап 14 мың теңгеге дейін. Оның әртүрлі болуы көмірдің сортына байланысты, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері