×
16.08.2022, 09:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ішкі істер министрі жоғалған баланы тапқан полицейді марапаттады (ВИДЕО)

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Тамирлан Ахметжановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метрді құрады. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді.

Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. ШҚО ПД арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтің қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды.

Баланы тапқаны үшін министр Марат Ахметжанов полицейді “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” ведомстволық медалімен марапаттады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері