×
14.08.2022, 15:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық әскерилер Халықаралық армия орындарындағы жарыстарын сәтті бастады

Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің командалары халықаралық армия ойындары шеңберінде Арменияда – «Бейбітшілік жауынгері», Әзербайжанда – «Теңіз кубогы», Ресейде – «Танк биатлоны» және «Эльбрус шеңбері», ел аймағында – «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Меридиан» және «Тактикалық мерген» сынды жеті сайыста бағын сынайтын болады, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстандық әскерилер Халықаралық армия орындарындағы жарыстарын сәтті бастады
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Әзербайжанда әскери теңізшілер 16 тамызда жарысты бастайды. Минаатқыш есептоптарының арасындағы жарыстың бірінші кезеңі жеке жарыс 15 тамызда өтеді. Оған тоғыз мемлекет қатысады.

Ақмола облысының Щучинск қаласында өтетін «Меридиан» байқауына қатысушы әскери топографтар «атыс шебі» жарысына да осы күні шығады. 

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында армия атқыштары «Тактикалық мерген» байқауының бірінші біліктілік жаттығуын орындады. Одан өзге бірнеше нысана бойынша әртүрлі позициядан ату, қаруды сенімді және қауіпсіз ұстау дағдылары да ескерілді. 

Барлық осы критерийлер бойынша «Біліктілік» жаттығуында тоғыз ел арасында қазақстандық әскери қызметшілер үздік нәтиже көрсетті, екінші орында Өзбекстан командасы, үшінші орында – Қытай. 

Біздің жауынгер мергендердің кәсіби шеберлігі қуантты, – деп атап өтті «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлер кеңесі» РҚБ облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Амангелді Жантасов, – тамаша техника, сенімді іс-қимыл. Келесі кезеңдерде де жауынгерлер дәл осылай мінсіз жұмыс істейді деп үміттенеміз. 

Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өткен «Танк биатлонының» жеке жарысында Қазақстанның бірінші экипажы Венесуэла, Вьетнам және Өзбекстаннан келген қарсыластарын едәуір басып озды. Қазақстандық танкистер трассадан өту, кедергілерден өту және оқ ату тапсырмаларын орындау кезінде үйлесімді іс-әрекет етіп, жеңіске жетті. Алда командалардың екінші және үшінші экипаждары жарысады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері