×
09.08.2022, 14:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде бір жылда күнбағыс майы 12 пайызға қымбаттады

Соңғы жарты жылда күнбағыс майын өндіру көлемі 235 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 38,1%-ға артық. Тазартылмаған күнбағыс майына 160 мың тонна, тазартылған майға — 75 мың тонна болды, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде бір жылда күнбағыс майы 12 пайызға қымбаттады
фото: ашық дереккөз

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлік бөліністе күнбағыс майы өндірісінің барлық көлемінің жартысына жуығын Шығыс Қазақстан облысы қамтамасыз етті: 78,1 мың тонна тазартылмаған және 33,6 мың тонна тазартылған май. Тазартылмаған күнбағыс майын өндірудің елеулі көлемі Абай (43,8 мың тонна) және Қостанай (9,1 мың тонна) облыстарына, тазартылған — Шымкент (24,2 мың тонна) және Алматы (10,4 мың тонна) облыстарына да тиесілі.

Биыл  қазақстандық күнбағыс майын өндірушілер сұранысты 83,5%-ға, импортқа тиісінше 16,5%-ға қамтыды. Өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда өндіріс көлемі 29,6%- ға өсті, ал импорт 26,6% -ға артты.

Шілде айының қорытындысы бойынша елімізде  күнбағыс майы бір айда 1,4%-ға қымбаттады, ал жыл басынан бері бағаның өсуі 8,1%-ды құрады. Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда бағалар 11,6% - ға өсті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері