×
06.08.2022, 16:29
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент шахматшы Бибісара Асаубаеваны құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азияның үздік шахматшысы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Президент шахматшы Бибісара Асаубаеваны құттықтады
Фото: ашық дереккөзден

Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері