Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 18:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалықтар баланы мектепке дайындауға қанша қаржы жұмсайды

Elorda.info порталының редакциясы сайтта жарияланған кезекті сауалнаманың нәтижесін шығарды. «Отбасылық бюджетіңіздің қанша бөлігі жаңа оқу жылына дайындыққа жұмсалады?» деген сұрақ қойылды.

Елордалықтар баланы мектепке дайындауға қанша қаржы жұмсайды

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 84%-ы  баланы мектепке дайындауға қомақты қаражат кететінін айтты. Тіпті ол қалтаға әрдайым салмақ түсіретінін жеткізді.

Ал 8%-ы бюджеттің көп бөлігі кететінін айтты. Сондай-ақ олар жыл сайын киім-кешектер мен оқу құралдары қымбаттап жатқанын мәлімдеді.

Қалған 8% мектепке дайындық отбасылық бюджетке аса қатты әсер ете қоймайды дейді.  

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері