Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 18:44
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде некені тіркеу мерзімі қысқартылады

Бұл туралы Әділет министрлігінің жаңа бұйрығында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде некені тіркеу мерзімі қысқартылады
Фото: ашық дереккөзден

Бұйрыққа осы жылдың 28 шілдесінде қол қойылған. Оған сәйкес, некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың келісімі бойынша тіркеуші орган некені тіркеу күнін тағайындайды. Бұл туралы өтініште, сондай-ақ өтініштерді есепке алу журналында белгі қойылады.

Неке бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні тіркеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

Дегенмен, тіркеуші орган бастығының шешімімен неке келесі жағдайларда 15 күнге дейін қиылуы мүмкін: жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар. Барлығы құжат жүзінде расталуы тиіс.

Тіркеуші орган бастығы некеге тұру мерзімін ұзарта да алады. Бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.

Жекелеген жағдайларда неке қиюды мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша ұзартылуы мүмкiн. Күнтізбелік он бес күнді қысқарту туралы немесе ұлғайту туралы рұқсатты тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде оның мiндетiн атқарушы адам неке қию туралы өтінішке қарар түрінде бередi, - делінген құжатта.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері