Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 15:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жеңілдікпен берілген дизель отынын қайта сатумен айналысқан кәсіпкерлер анықталды

Елде жеңілдікпен берілген дизель отынын қайта сатумен айналысқан кәсіпкерлер анықталды, деп хабарлады Elorda.info Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Жеңілдікпен берілген дизель отынын қайта сатумен айналысқан кәсіпкерлер анықталды
Фото: Ашық дереккөз

Агенттік жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында елдің барлық аймақтарында жан-жақты тексерулер жүргізіп жатыр.

Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерін атын жамылып, жанар-жағармай материалдарын экспорттау фактілері анықталды. Кейбір кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан, - деп жазылған хабарламада.

Ведомство қазіргі таңда мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың көлеңкелі схемаларын анықтау бойынша жұмысты жалғатырып жатыр.

Егер сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне тап болсаңыз, Қаржылық мониторинг агенттігі немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз, – деп жазылған хабарламада. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері