Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 12:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Мектеп формасының бағасы 25-30 пайызға қымбаттаған

Елімізде мектеп формасының бағасы 25-30 пайызға қымбаттаған, деп хабарлады Elorda.info astanatv-ға сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны Сәмен Асхат- 3 баланың әкесі. Жылда 2 баланы мектепке дайындап жүрсе, биыл оған кенжесі қосылды, 1 сыныпқа барады. «Мектеп киімдері қымбат» дейді ол.

Әр балаға кем дегенде 100 мыңдай теңге дайындау керек. Киімдер өте қымбат. 1- классқа баратын ұлымның формасының өзі тройка дейміз ғой: шалбары, жакеті бар, костюмы бар, рубашкасы бар соның өзі 40 мыңнан асады. Аяқ киімнің өзін жаңа 20 мың теңгеге алдық. Амал жоқ аламыз, -дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сәмен Асхат.

Қымбатшылықты сатушылар да мойындайды. Тауарды Қырғыз, Қытай Туркиядан алдырамыз деген олар, отандық өндірістегі мектеп формаларының көтерме бағасының өзі қалтаға ауыр тиеді дейді.

Оптовый бағасының өзі 12-13 мың деген, ол сосын біз оны қаншадан сатамыз? Ол қол жетімді баға болу керек кішкене, - деді кәсіпкер Сағадат Көмекбаева.

Мектеп формасы былтырғымен салыстырғанда 25-30 процентке қымбаттаған. Қазір базарда белдемшенің құны 3,5 мың мен 8 мың теңге аралығында, ақ көйлек 3600 теңгеден 12 мың теңгеге дейін барады. Шалбардың арзаны 4 мыңға бағаланса, сапасы жақсысы 12 мыңнан асып жығылады. Қыздардың сарафан көйлектерінің сапалысы 22 мың теңге, ер балалардың үшеулік костюм-шалбары 25 мың теңге тұрады.

Ең қымбаты Түркия мен Қытайда тігілгендер. Бішкек қолжетімді. Бірақ соның өзінде былтырғы бағамен салыстырмалы түрде 25-30 пайызға өскен бағалары. Қымбат бағасы,- деді кәсіпкер Сағадат Көмекбаева.

Оқу-ағарту министрілігі ата-ананың қалтасына ауыртпалық түсірмейміз деп барлық мектепке бірыңғай қою көк түсті мектеп формасын енгізбекші.

Алдымыздағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілмейді. Және бұрынғы оқу жылындағыдай мектеп формасына қойылатын талаптар министрліктің 26 бұйрығына сәйкес сақталуда,- деп түсіндірді  ҚО ОАМ мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылуда. Сатып алатын өндіруші мен сауда орталығын ата-аналар өздері таңдайды. Бұл әзірге тиісті мемлекеттік органдармен, ата-аналар қауымдастығымен талқылануда.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері