×
01.08.2022, 20:11
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Еркін Қыдыр жас қаламгерлер шоғырын қалыптастырды - Ерлан Каналимов

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов республикалық Astana aqshamy газетінің бас редакторы, журналист, белгілі қаламгер Еркін Қыдырды 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Еркін Қыдыр жас қаламгерлер шоғырын қалыптастырды - Ерлан Каналимов
Фото: Ашық дереккөзден

Құрметті Еркін Сағындықұлы! Сізді асқаралы алпыс жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Өзіңізді алпыстың төрінен, абыройдың биігінен көргеніме қуаныштымын. Саналы ғұмырыңыздың бүгінгі белесіне қаламы қарымды журналист, іскер ұйымдастырушы және айналасына сыйлы асыл азамат ретінде жетіп отырсыз.
Соңғы отыз жеті жылда отандық БАҚ саласында жемісті еңбек етіп, қоғамды, елді толғандырған талай өзекті мәселені көтеріп, олардың оң шешілуіне зор үлес қосып келесіз.
Соңғы жылдары сіздің жетекшілігіңізбен және тікелей үлгі көрсетуіңізбен жас қаламгерлер шоғыры қалыптасты. Қай кезде де "Халықтың көзі, құлағы һәм тілі" саналған газет саласында атқарған оңды істеріңіз өлшеусіз.
Қазақ алпысты "талтүс" дейді. Елге бергенінен гөрі берері көп мерейлі жасыңыз өзіңізге құт-берекесін ала келсін. Сізге зор денсаулық, ұзақ та баянды ғұмыр, әулетіңізге тек жақсылық, еңбекте табыс тілеймін! - делінген Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат хатшысының құттықтауында.

Айта кетейік, Еркін Қыдыр - Президент сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстанның құрметті журналисі», «Ұсақталма, Үкімет», «Отырар», «Кәусар кез» кітаптарының авторы.  

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері