×
29.07.2022, 12:56
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Былтыр асыраушысынан айырылған 57,7 мыңға жуық отбасы әлеуметтік төлем алды

2021 жылы асыраушысынан айырылған 57 мыңнан астам отбасы әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Былтыр асыраушысынан айырылған 57,7 мыңға жуық отбасы әлеуметтік төлем алды

Сонымен қатар, еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу бойынша төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Осылайша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемдердің жиынтық мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға ұлғайды.   

Жұмысынан айырылған жағдайда қордан төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан айырылу себептеріне қарамастан тағайындалады. Төлем құқығы халықты жұмыспен қамту орталығы немесе «электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап есептеледі. Төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. 2021 жылы шамамен 106 мыңға жуық адам аталған төлемді алды, – деді Н.Кемел.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері