×
25.07.2022, 14:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде тағы екі жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі мерекелер тізіміне толықтырулар әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде тағы екі жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілмек.

Оған келесі кәсіби мерекелерді қосу ұсынылып отыр:

- 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлері күні;

- 19 желтоқсан – жарнама маманы күні.

Қаулыға толықтыру енгізу туралы құжаттар Ашық НҚА сайтында жарияланған. Кәсіпкерлер мен жарнама мамандарының күні туралы құжатты талқылау мерзімі 8 тамызға дейін деп көрсетілген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері