Elorda.info

Қазақстандықтар жол-көлік оқиғасынан жиі қаза табады

Елімізде  жол-көлік оқиғасы көбейді. Биыл қаңтар–мамыр айларында  елімізде 5,2 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2 пайызға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандықтар жол-көлік оқиғасынан жиі қаза табады

Energyprom.kz сарапшыларының айтуы бойынша,  жол-көлік оқиғалары саны негізінде оңтүстік астана көш бастап тұр. Одан кейін Алматы және Жамбыл облыстарында жиі тіркеледі.

2022 жылғы қаңтар–мамырда 7,7 мыңға жуық адам жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 11,9 пайызға артық. Оның ішінде жараланғандар - 6,9 мың адам.

Биыл ЖКО кезінде қаза болғандар саны 744 адамға жетті. Бұл 2015 жылдан бастап тиісті кезеңдегі (қаңтар–мамыр) ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш бірден 22,6% -ға артты.

Бұл ретте жол-көлік оқиғалары кезіндегі өлім-жітімнің ең нашар көрсеткіші Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тіркелген: мұнда 100 ЖКО-ға бірден 35 адам қаза тапқан. Одан кейін Қызылорда облысы-100 ЖКО-да 31 адам қаза тапты.

 

 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет