Elorda.info

Елордада 48 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр

Бас қаладағы баспана мәселесі мен басқа да өзекті проблемаларға қатысты сауалдарға қала әкімі Алтай Көлгінов жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада 48 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр

Қазіргі таңда елордада тұрғын үйге мұқтаж 48 мыңға жуық азамат мемлекеттен үй алуға кезекте тұр. Кезекте тұрғандарды есепке алу 5 санат бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, бұл санаттарға жетім балалар, көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтар, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылғандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардағы қызметкерлер және әскери қызметкерлер жатады. Жыл сайын тұрғын үйді көптеп салып жатырмыз. Соңғы жылдары қолжетімді баспана санын 3 еседен астам арттырдық. Бірақ кезекте тұрғандардың саны да көбейіп келеді. Құрылыс компанияларынан тұрғын үйдің бір бөлігін қолжетімді бағамен сатып аламыз. Құрылыс индустриясын дамытып жатырмыз. Осы қарқынды төмен түсірмеуіміз керек, – деді А.Көлгінов.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет