Нұр-Сұлтан 18.5°
×
01.07.2022, 17:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Көршілерден кек алмақ болған «жалған террорист» сотталды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы авиациялық көлік прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Көршілерден кек алмақ болған «жалған террорист» сотталды
Фото: ашық дереккөзден

31 наурызда Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының ірі объектілеріне электрондық пошта арқылы салынған бомба қойылғаны туралы террористік мазмұндағы хабарламалар келіп түскен болатын.

Алайда қандай да бір жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Осындай хабарламаны Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны, IT-саласында маман болып жұмыс істейтін 1986 жылы туған «Т» есімді азамат таратқан.

Мұндай әрекетке көршілердің тыныштықты үнемі бұзуынан туындаған ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған.

Қылмыстық кодекстің 273-бабында (Терроризм актісі туралы көрiнеу жалған хабарлау) көзделген қылмысты жасағаны үшін кек алу мақсатында электрондық пошта ашып, көршісінің атынан жарылғыш зат туралы хаттарды жіберу ниеті пайда болған.

7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы «жалған террористке» қатысты айыптау актісімен қылмыстық істі сотқа жолдады. Қылмыстық әрекеттің бұл түрі үшін санкция бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. 1 шілдеде сот «Т» есімді азаматты ҚК-нің 273-бабы бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп таныды (үкім заңды күшіне енген жоқ). Айта кету керек, бұл азамат сотқа дейінгі тергеу барысында мемлекетке 1,6 млн теңге көлемінде келтірілген шығынды өтеген, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы авиациялық көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.  

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері