Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 21:59
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 210 мыңнан астам адам қызмет алған

Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 178,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,4 мың – ымдау тілі қызметін, 25,6 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 48 мың тапсырыс ресімделді, деп хабарлады Elorda.info.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 210 мыңнан астам адам қызмет алған

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 817 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 234 ОТҚ жеткізуші, 24 мыңнан астам жеке көмекші, 628 ымдау тілін қызметін, 91 санаторлық-курорттық емдеуді, 62 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері