Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 18:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ҮЕҰ өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады

АҚДМ вице-министрі Данияр Қадыровтың төрағалығымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің екінші отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

ҮЕҰ өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен

Кеңес отырысының жұмысына Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Негізі баяндамашылар ретінде Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары әкімдіктерінің өкілдері, Ғылым және жоғары білім, Төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдері, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әкім орынбасарларына өңірлік мәселелерді шешуде ҮЕҰ өкілдігін кеңейту бойынша тиісті ұсыныстар берді.

Өз кезегінде, мемлекеттік органдар вице-министр мен үкіметтік емес сектор тарапынан айтылған ескертулер мен проблемалық мәселелерді назарға алды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері