Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 10:29
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгіннен бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 75 пайызға өседі

1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға өседі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Шымкент қаласының тұрғындарымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгіннен бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 75 пайызға өседі
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен әр жыл сайын 20%-ға өсетін болады. Бұл жұмыс 2025 жылға дейін жүргізіледі, яғни осы кезеңде еңбекақы көлемі 100%-ға артады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға артатынын атап өткім келеді, – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері