Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.
Кезекті қабылдауда мектепке жұмысқа орналасу, баланы балабақшаға орналастыру және білім беру саласындағы бірқатар мәселелер қаралды.
Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлер заң аясында қаралып, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады.