Ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айларында елімізде 574 кәмелетке толмағандар құқық бұзушылық жасады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,1 пайызға артық, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлік бөліністе кәмелетке толмаған заң бұзушылардың ең көп саны Алматы облысында байқалады. Одан кейін Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары жасөспірімдерге қатысты дерек тіркеледі. Ең төменгі көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан облысында.
Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша жасөспірімдер ұрлық, тонау, алаяқтық сияқты қылмыстарды жиі жасайды.