Нұр-Сұлтан 22.1°
×
30.06.2022, 16:23
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа үндеу жолдады

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа үндеу жолдады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын бекітілген. Су айдындарында суға шомылуға болмайтыны және тыйым салынғаны туралы 4 195 ескерту белгісі орнатылған.

Шомылу маусымы басталғаннан бері ІІМ, әкімдіктер және еріктілермен бірлесіп 16 412 патрульдеу мен рейдтер жүргізілді. Оларға 43 888 адам жұмылдырылды. Нәтижесінде заң талаптарын бұзған 1 417 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 75 адам, оның ішінде 17 бала құтқарылды. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым) 46 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, су айдындарында 116 адам, оның ішінде 42 кәмелеттік жасқа толмаған бала суға батып қайтыс болды.

2021 жылдың ұқсас кезеңінде 137 адам, оның ішінде 63 бала суға батып қайтыс болған. Қайтыс болған адамдардың саны 15,3%-ға, балалардың саны 33,3%-ға азайды.

1 маусымнан бастап еліміздің су айдындарында 71 адам, оның ішінде 29 бала суға батып қайтыс болды (2021 жылы 75 адам, оның ішінде 25 бала. Қайтыс болған адамдардың саны 10,1%-ға, балалардың саны 13,7%-ға азайды).

Қаза болудың негізгі себептері жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру:

1) су айдынына абайсызда құлау;

2) жүзе алмаудан;

3) мас күйінде шомылудан;

4) балық аулау кезінде ережелерді бұзудан;

5) өз күштерін жете бағаламаудан;

6) жүзу құралын дұрыс пайдаланбаудан.

Қиын жағдайға тап болмас үшін, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет:

1) «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті!» деген белгілері орнатылған орындарда суға шомылмаңыз;

2) мас күйінде шомылмаңыз;

3) жүзудің шекарасы белгіленген буйкадан асып жүзбеңіз;

4) шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзбеңіз;

5) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз;

6) жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз;

7) қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастар, қойтастар, парапеттер, қоршаулар және басқа да заттар), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз;

8) Ең бастысы, балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз.

Осы қарапайым ережелерді сақтау Сіздің және жақын адамдарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері