Нұр-Сұлтан 22.1°
×
30.06.2022, 13:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Депутаттар каникулға кетті

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда жетінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлады Elorda.info .

Депутаттар каникулға кетті
Фото: ашық дереккөзден

Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

Екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды болды. Мәселен, Праламент палаталарының 4-ші бірлескен отырысы өтті. Мәжілістің 42 жалпы отырысы өтіп, онда 271 мәселе қаралды. Сенаттың 42 жалпы отырысы өтіп, онда 148 мәселе қаралды. Осы сессия кезінде қос палатаның жұмысында 127 заң жобасы болды, оның 78-і қабылданды, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Осы орайда ол Парламент қабылдаған заңдардың қазіргі уақытта 66-сына Президент қол қойып, заң күшіне енгенін атап өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері