Нұр-Сұлтан 22.1°
×
30.06.2022, 14:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қытайда қазақстандықтар үшін «Kaz Consul» мобильді қосымшасы іске қосылды

Ақпараттық технологияларды енгізу арқылы ҚР азаматтары үшін ақпарат пен қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі «Kaz Consul» мобильді қосымшасын іске қосты, деп хабарлады Elorda.info.

Қытайда қазақстандықтар үшін «Kaz Consul» мобильді қосымшасы іске қосылды

Бүгін осы мобильді қосымшаның онлайн-таныстырылымы өтіп, қатысушылар интерфейстің ыңғайлығы мен қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған ақпараттың өзектілігін жоғары бағалады.

Енді қазақстандықтар Қытайдың кез келген аймағында бола отырып, «WeChat» мобильді платформасындағы «Kaz Consul» парақшасына кіру арқылы неке қию, туу туралы куәлік, ұлттық паспорт, ЭЦҚ кілттер алу, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау және т.б. мемлекеттік қызметтер бойынша тиісті ақпаратты алатын болады.

Сонымен қатар мобильді қосымшада консулдық округтердің картасы ұсынылған және консулдық есепке онлайн тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан басқа «Kaz Consul» мобильдік қосымшасында көрсетілген телефондар арқылы азаматтарымыз ҚХР аумағындағы Қазақстанның консулдық мекемелерінің кез келген қызметкерімен тікелей байланыса алады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері