Нұр-Сұлтан 22.1°
×
30.06.2022, 09:28
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады (ВИДЕО)

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері жолда 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуық азамат жарақат алды. Осыған байланысты ІІМ жол жүрісіне қатысушыларды қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырды, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басынан бері жолда 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуық азамат жарақат алды. Күн сайын елімізде 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақаттарын алады, - делінген ІІМ ақпаратында.

Ведомствоның дерегінше, бір тәулікте 39 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 11 адам қайтыс болып, 57 адам жарақат алған.

Зардап шеккендердің көпшілігі – 40 жасқа дейінгі адамдар мен балалар. Бұл біз үшін, еліміздің болашағы үшін орны толмас шығын. Талдау көрсеткендей, жол апаттарының себептері: жылдамдық режимін сақтамау, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығып кету, аударылу, жаяу жүргіншілерді қағып кету болып отыр. Жолда адам өзінің қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігі үшін жауапты екенін есте ұстаған жөн, – деді ІІМ ӘПК төрағасы Атығай Арыстанов.

Оның айтуынша, жол қозғалысына қатысушының әрқайсысы, алдымен өзінің, одан кейін өзгенің қауіпсіздігі үшін жауапты. Ол автокөлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тағуды әрдайым қадағалау маңызды екенін айтады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері