Нұр-Сұлтан 22.1°
×
29.06.2022, 18:04
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тұрғын үйлердің 50 пайызында жылу шығынын есептейтін аспап жоқ – министрлік

Бүгінде Қазақстан тұрғындарының 70 пайызға жуығы орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Тұрғын үйлердің  50 пайызында жылу шығынын есептейтін аспап жоқ – министрлік
фото: ашық дереккөзден

Елімізде  жылыту жүйелерінің көпшілігі тозығы жеткен. 20-40 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп жатқан жүйелер заманауи талаптарға сай келмейді. Бұдан бөлек, елімізде тұтынушылардың 50 пайызы әлі күнге дейін жылу шығынын есептеу аспаптарын орнатпаған. Сәйкесінше, тұрғындар жылуға жұмсалған нақты шығынды білмегендіктен, жұмсалған қаржыны анықтай алмайды.

Сондықтан да орталықтандырылған жылыту жүйелерін жаңғырту энергия мен шығындарды үнемдеуде маңызды рөл атқарады.  

Бұл тарапта жылу қазандықтарын жаңарту мен қалпына келтіру (орташа алғанда 65-70 пайыз) үлкен маңызға ие. Жылу өндірудің заманауи технологияларының арқасында бүгінде бұл тараптағы көрсеткішті 90 пайыздық межеден асыруға болады.

Әсіресе энергия тиімділікті заманауи қазандық технологиялары мен жылуды рекуперациялау жүйелері (ауа жылытқыштар, экономайзерлер) және когенерацияны орнату есебінен арттыруға болады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері