Ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық салада 378 құқық бұзушылық жасалды, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Биылғы көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,3%-ға аз. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде секторда 395 құқық бұзушылық тіркелді.
Өңірлік бөліністе ең көп құқық бұзушылықтар Шығыс Қазақстан облысында жасалды, бір жыл бұрынғыға қарағанда 36,5% - ға артық.
Екінші орында Алматы облысы тұр. Одан әрі Қостанай және Павлодар облыстары — әрқайсысында 36 құқық бұзушылық бар. Осы төрт өңірге елдегі отбасылық-тұрмыстық саладағы барлық құқық бұзушылықтардың шамамен 44 пайызы келді. Ең аз құқық бұзушылық Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тіркелді.
Бес айдың қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 40,2%-ы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген.