Нұр-Сұлтан 9.9°
×
24.06.2022, 11:56
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бердібек Сапарбаевтың ұлы Ferrari тізгіндеп жүр ме (ВИДЕО)

Танымал саясаткердің ұлы Жансұлтан Сапарбаев кезінде желідегі жұртты шулатқан қызыл түсті Ferrari көлігін осы күні тізгіндеп жүр ме? Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы лауазымын атқарып жүрген ол осы сауалға El-Orda You Tube арнасында жауап берді, деп жазады Elorda.info

Ол фотоның әлеуметтік желіде тарап жатқанына бүгінде 10 жылдан асты. Кез келген жас адам, ер адам ондай көлікті көргенде бейжай қарап, өтіп кетеді деп есептемеймін. Кез келген жан міндетті түрде ондай көлікпен суретке түсуді қалайды. Егер менде дәл сондай қызыл Ferrari болса, Нұр-Сұлтан қаласында құйғытып жүрер едім, - деді Жансұлтан Бердібекұлы. 

Осы орайда журналист «Менің түсінуімше, сізде әзірге ондай көлік жоқ» деп сұрайды. Сапарбаев «жоқ» деп жауап береді. «Өкінішке қарай» дейді тілші. Басқарма басшысы «мүмкін қуанышқа орай шығар» деп жауап берді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері