×
23.06.2022, 19:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада полиция күні мерекеленді (фоторепортаж)

Нұр-Сұлтанда  Қазақстан полициясының  30 жылдығына орай «Әскери керней»  әскери-музыкалық фестивалі өтті, деп хабарлады Elorda.info

Елордада полиция күні мерекеленді (фоторепортаж)
Фото: Василий Крась

Амфитеатрда өткен концертті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. 

Мерекелік концертті тамашалағандардың бірі – Нұржан Ибраев. Елорда тұрғыны орталық саябақта өткен концерттің ұнағанын айтады.

Иә, маған концерт ұнады. Бұл іс-шараның өтетіні жайында ақпаратты осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерден көрген едім. Содан бүгін достарымызбен жиналып, концерт көруге келдік.  Іс-шара елорда тұрғындары мен қала қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз, - деп өз пікірін білдірді елорда тұрғыны. 

«Әскери керней» фестивалінің Плац-концертінде әскери оркестрлер өнер көрсетті. 

Концертте  әртүрлі композициялар орындалды. 


Елордалықтар ашық аспан астында әндерді тыңдап көңіл-күйін көтерді. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері