Нұр-Сұлтан 16.9°
×
23.06.2022, 23:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Темекіге акциз мөлшерлемелері көтеріледі – ҰЭМ

Темекі мен темекі өнімдерінің өзге де түрлерінің акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен көтеріледі. Бұл заң жобасын бүгін Парламент депутаттары екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Elorda.info Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Темекіге акциз мөлшерлемелері көтеріледі – ҰЭМ
Фото: Ашық дереккөз

Аталмыш құжат Президентке қол қоюға жіберілді.

Еуразиялық экономикалық Одақ шеңберіндегі келісімді орындау мақсатында темекіге акциз мөлшерлемесін кезең-кезеңімен көтеру ұсынылды. Қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемесін темекіге акциз ставкаларының 70%-ы деңгейінде белгілеу, сонымен бірге өлшем бірлігін килограммнан  данаға ауыстыру ұсынылады, - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері