Нұр-Сұлтан 22.9°
×
23.06.2022, 16:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысына барып, халық алдында кезекті есеп беру кездесу өткізді. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлады Elorda.info

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті
Фото: Ашық дереккөз

Кездесу барысында ата-аналар, білім беру саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен журналистер өздерін қызықтырған сауалдарды қойды.

Сұрақтар бала асырап алу, инклюзивті оқыту, мектептердегі және ПМПК-дағы қызметкерлердің штаты, білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау, оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысты болды. Одан бөлек, студенттерді колледждерде оқыту және оларды оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру және т.б. мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды, - деді министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері