Нұр-Сұлтан 24.5°
×
23.06.2022, 15:09
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ауыл шаруашылығы министрі азаматтарды қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кезекті азаматтарды қабылдауын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Ауыл шаруашылығы министрі азаматтарды қабылдады
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінен

Қабылдауда айтылған өтініштер Жер кодексі және жер қатынастары, мемлекеттік бағдарламалар, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, ветеринария және ауыл шаруашылығын цифрландыруға қатысты болды.

Барлығы 16 сұрақ қойылып, соның барлығына жауап берілді.

Министр азаматтар көтерген әрбір мәселе бойынша түсініктеме беріп, айтылған ұсыныстар мен жобалар ведомствоның құрылымдық бөлімшелерімен мұқият қаралатынын атап өтті. Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша ведомство басшысы құрылымдық бөлімшелерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ал пысықтауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді министр жеке бақылауына алды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері